Қазақстанның Іскер әйелдер Қауымдастығы және Нұрсұлтан Назарбаев қоры VI Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдануының басталғаны жөнінде жариялайды.

Қазақстанның Іскер әйелдер Қауымдастығы және Нұрсұлтан Назарбаев қоры VI Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдануының басталғаны жөнінде жариялайды. 27.10.2023

Қазақстанның Іскер әйелдер Қауымдастығы және Нұрсұлтан Назарбаев қоры VI Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдануының басталғаны жөнінде жариялайды.

Алтыншы рет ұйымдастырылып отырған жобаның мақсаты -  игілікті істерді жасап жүрген тұлғаларды анықтауға, халықтың азаматтық бастамаларын белсендендіруге және ізгілік, мейірімділік, адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған. 

Байқауға  әлеуметтік, қоғамдық  проблемаларды  шешуге  және  өздерінің игі істерімен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. 

2023  жылғы 1-қазаннан  20-желтоқсанға дейінгі  кезеңде еліміздің барлық өңірлерінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. 

Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады: 

  • «Асар» (номинация халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған); 

  • «Туған  жер» (білім  беру,  экология  және  көріктендіру  саласында  туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға беріледі); 

  • «Мейірім жолында» (аталымға ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдар ие болады); 

  • «Батыл  жүрек» (номинация ерлік іс жасаған,  жанкештілік  танытқан  адамға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады); 

  • «Қайырымдылық  тарихы» (номинация  БАҚ-та  қайырымдылық тақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын материалдардың  жариялануынын  қамтамасыз  ететін  журналистерге немесе шығармашылық ұжымға беріледі).

Байқауға  кәсіпкерлік субъектілері және  қайырымдылық  қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) қатыстырылмайды.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін қабылданады. 

Толық ақпаратты  www.fnn.kz, www.businesswomen.kz сайттарынан табуға болады.

Анықтамалар үшін байланыс телефоны:  8 (7172) 79-15-95; 

8 701 513 5500 жоба үйлестірушісі Бақыт Төлеғұл.

Возврат к списку